RU

Адамдар қарсыласының көзін жою үшін жындардың көмегіне жүгінуде (видео)

Бай-бақуатты адамдар енді киллер жалдап әуре болмайды. Олар жындардың көмегіне жүгінуге көшті деп хабарлайды «Пендеміз ғой» бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Жын шығару. Фото: nur.kz
Жын шығару. Фото: nur.kz: UGC

Бағдарламаға келген молданың айтуынша қазір қара күштер мен дуаның көмегіне жүгінетіндер саны күрт артқан. Сондай-ақ қоғамдағы өзіне қол жұмсау, депрессияның көбеюі де осының кесірі деген пікірде.

Ал жын иектеген адам, жиі-жиі ауырып, жұмысынан да қалып, дел-сал күйге түседі екен. «Тіпті саудагерлердің өзі де, бірге тамақтанып жүрген теріс ниетті жандар да қарсыласына сиқыр жасатады. Кейін дем салдырғаннан соң, жаман нәрсені шығарып, жақсы болып қалады. Ал жын шыққаннан соң, жасатқан адамға барады»,- дейді молда.

Айта кетейік, бағдарлама барысында психолог мамандар бұл кісінің айтқанымен келіспей, біразға дейін қарсыласты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1714203-adamdar-karsylasyny-kzin-zou-sin-zyndardy-kmegine-zginude-video.html