RU

4G және Wi-Fi: Әйгілі Нокиа "кірпіш" қайта сатылымға шықты

Финдік HMD Global компаниясы Nokia 3310 ұялы телефондарының жаңа нұсқаларын қайта шығарды. Аталған телефондарға 4G, Wi-Fi орнатылды деп хабарлайды Baq.kz агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

4G және Wi-Fi: Әйгілі Нокиа "кірпіш" қайта сатылымға шықты
4G және Wi-Fi: Әйгілі Нокиа "кірпіш" қайта сатылымға шықты: UGC

2017 жылмен салыстырғанда, телефонның сыртқы пішіні үлкейтілген. Ал басқа бөлігі өзгеріссіз қалды: экраны 2,4 дюйм, 320х240 пиксел, Micro-SIM карта салынады, қосымша картаның жады – 64 гигабайт, ал өзінің жады 256 немесе 512 мегабайт. Аккумуляторы 5 сағат үздіксіз және 12 сағат күту режимінде жұмыс істейді.

Мұндай телефондар тек Қытайда сатылатын. Әзірге оның бағасы айтылмады. Барселонада ақпан айының соңында өтетін MWC 2018 көрмесінде HMD Global осы телефондардың сатылымы туралы хабарлайды деген болжам бар.

Nokia 3310 2000 жылдың соңғы айларында шықты. Сол уақыттан бері аталған ұялы телефонның 126 миллионы сатылды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1714267-4g-zne-wi-fi-jgili-nokia-kirpis-kajta-satylymga-sykty.html