RU

Ауқатты отбасының қызы енесінің телефонын тартып алып, соққыға жыққан

Астанада енесімен сыйыспаған жас бойжеткен оның телефонын тартып алып, қол көтерген деп хабарлайды NUR.KZ порталының өңірлегі тілшісі.

Астанада ауқатты отбасынан шыққан бойжеткен енесінің телефонын тартып алып, соққыға жыққан
Астанада ауқатты отбасынан шыққан бойжеткен енесінің телефонын тартып алып, соққыға жыққан: UGC

Елордадағы «Қорғау Астана» қоғамдық қорына көмекке жүгінушілердің қарасы таусылатын емес. Мекеме мамандарының айтуынша, орталыққа күйеуінен зәбір көрген нәзік жандылардан бастап, жасы егде тартқан қарияларға дейін келетін көрінеді.

«Бізге жақында ғана қолындағы келінінен зәбір көрген әйел адам келді. Айтуынша, жалғыз ұлы Астанадағы ауқатты отбасының қызын алып, одан немере де сүйген екен. Алайда, жоқ жерден істі болған ұлын келіні сол мезетте-ақ тастап кеткісі келген. Тіпті, орын алған жайттың бәрін енесінен көріп, оны соққыға жығып, ұялы телефонын тартып алған», - деп оқиғаны еске алды заңгер Дания Бұғалиева.

Мамандар қазіргі таңда полиция қызметкерлерінің көмегімен келінге қатысты іс қозғалғанымен, айыпты бар-жоғы аз мөлшердегі айыппұл төлеп қана құтылатынын алға тартты.

«Мұндай оқиғаларда айыпты тек әкімшілік жауапкершілікке қана тартылады, яғни, аз көлемдегі айыппұл ғана төлейді. Қазір, енесі келінін кешіріп, отбасы бірге тұрып жатыр»,-дейді «Қорғау Астана» қоғамдық қорының заңгері Дания Бұғалиева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1714301-aukatty-otbasyny-kyzy-enesini-telefonyn-tartyp-alyp-sokkyga-zykkan.html