RU
Отандық дизайнер өзін Динара Сәтжанның әбден қорлағанын жайып салды

Отандық дизайнер өзін Динара Сәтжанның әбден қорлағанын жайып салды

Рассказать Вконтакте

Еліміздегі жас дизайнерлердің бірі Фариза Сұлтан мен сән әлемінде жүрген танымал журналист Динара Сәтжанның арасында дау шықты. Фариза Динараның өзіне қоқан-лоққы көрсетіп, қысым жасағанын ашық айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Отандық дизайнер Динара Сәтжанның өзіне қоқан-лоққы көрсетіп, қорлағанын ашық айтты

Отандық дизайнер Динара Сәтжанның өзіне қоқан-лоққы көрсетіп, қорлағанын ашық айтты

Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды. Оның айтуынша, айтқанына көніп, айдағанына жүрмейтінін білген соң Динара ханым өзіне біраз қысым көрсеткен.

"Мұны елден жасырып келе жатқаныма көп болды. Алайда енді үндемей қалмаймын. Бұл әйел бір кездері менің өнімімді жарнамалауға көмектескен еді. Алайда ол үшін ақысын алған, яғни пиарды тегін жасаған жоқ. Оның арам ойы да болған.
Өз құқығымды қорғауға көшкенімде, ол маған қоқан-лоққы көрсетіп, түрлі сөздер айтты. Мен тәуелсіз елде өмір сүремін, сондықтан өзіме және бизнесіме қысым жасалуына жол бермеймін. Мұндайға ешкімнің құқы жоқ деп ойлаймын. Әлде біз рэкет дәуренінде өмір сүріп жатырмыз ба?", - деп налыды ол.

Бұл жазбасымен қоса, ол Динара Сәтжанның жазған сөздерінің скринін де жүктеп қойған.

Сіздің реакцияңыз
90
5
24
5
9
48
29
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel