RU

Алматыда бір-бірімен "сүйісіп" отырған қыздар елді дүрліктірді (видео)

Алматыдағы сауда орталықтарының бірінде сүйісіп отырған екі қыздың видеосы Facebook желісінде тарап, елді дүрліктірді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Видеодан скриншот
Видеодан скриншот: UGC

Элдар Гамилзаде Facebook желісіндегі парақшасында бейнежазбаның Алматы қаласындағы сауда орталықтарының бірінде түсірілгенін жазған. Онда екі қыз бір-бірімен құшақтаса сүйісіп отырғанын байқауға болады.

"Мүмкін бұл да біреудің қызы, әпке-қарындасы немесе танысы шығар. Репост жасап бөлісіңіздер. Мүмкін қыздармен сөйлессе, олардың ойларын өзгертуге, өз әрекеттері үшін ұялтуға болатын шығар", - деп жазған Элдар Гамилзаде.

Оқырмандар өз кезегінде сезімі өзгеше қыздарға түрлі жаман пікірлер жазып, сөгіп тастады. Ал кейбіреулер видеоны түсіріп, желіге жүктеген адамды жауапкершілікке тарту керек деп отыр.

Себебі, бұл жас қыздардың психикасын бұзып, одан да жаман әрекеттерге алып баруы мүмкін дейді.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1714346-almatyda-bir-birimen-sjisip-otyrgan-kyzdar-eldi-drliktirdi-video.html