Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қырғызстанда көкпар кезінде мұз астына түсіп кеткен жігіт көз жұмды (видео)

Опубликовано:

Қырғызстанның Аламұдын ауданында 44 жастағы азамат көкпар ойыны кезінде мұз астына түсіп қайтыс болды. Бұл туралы kaktus.media сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Көрнекі фото желіден алынды
Көрнекі фото желіден алынды: UGC

Қайғылы оқиға 27 қаңтар күні сағат 15:00 шамасында "Ақ-Бата" жаңа құрылыс аумағында болған. Онда көкпар шауып жүрген 44 жастағы азамат өзі мінген атымен қоса мұздың астына түсіп кеткен.

Жануар мұз астынан өзі шықты. Ал иесі су ішінде қалып қойған. Осыдан кейін басқа ойыншылар азаматты құтқаруға тырысыпты. Алайда төтенше жағдай қызметкерлері келіп, оның өлі денесін сағат 17:00-де бір-ақ тапты.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1714377-kyrgyzstanda-kkpar-kezinde-mz-astyna-tsip-ketken-zigit-kz-zmdy-video/

pixel