RU

Зарина Омарова анасының көрген қиындығын айтып, көз жасына ерік берді

Үш жасынан бастап сахнадан көрінген Зарина Омарова анасының өмірде көрген қиындықтарын айтып, көз жасына ерік берді деп хабарлайды «Бақытты әйел» бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Зарина Омарова. Фото: "Бақытты әйел" бағдарламасы
Зарина Омарова. Фото: "Бақытты әйел" бағдарламасы: UGC

Отбасын құрып, балалы болған әнші сегіз жыл бойы сахнадан тыс қалған. Ол бағдарламада өзінің басынан өткен қиындықтарын баяндап берді. Ата-анасының ажырасқаны әншіге ауыр тиген.

«Осыдан соң өмірге басқа көзқараспен қарап, ақыл тоқтатады екенсің. Әрине, оңай болған жоқ. Ол – тағдыр, өмірде болады», - деген Зарина Омарова бағдарлама барысында көзіне жас алды. .

«Бала кезімде аз қиыншылық көрмедім.Барлығына белгілі шығар, ата-анам бөлек тұрады. Анам үшеуімізді жалғыз өзі өсірді.Бұл да балаға кері әсер етеді ғой. Бірақ, осы қиындықтың бәріне төтеп бердім десем болады»

Сондай-ақ, ол ажырасу алдында тұрған отбасылардың барлығына қиындыққа шыдау керектігін айтты.

Жұбайлық өмірдің алғашқы уақытында бастан бәрі өтеді. Қандай жағдайда да отбасын сақтау керек! Ең бастысы – сыйластық! Сыйластық бар жерде махаббат та бар, барлығы болады. Қыздар нәзіктіктеріңізді ұмытпаңыздар!», - деді Зарина.

Айта кетейік, Зарина Омарова белгілі әнші, композитор Марат Омаровтың қызы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1714385-zarina-omarova-anasyny-krgen-kiyndygyn-ajtyp-kz-zasyna-erik-berdi.html