Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Адам терісінен жасалған кітап астаналықтарды таңғалдырды

Опубликовано:

Бүгін Астанада ерекше жәдігер таныстырылымы өтті. Онда адам терісімен қапталған кітап назарға ұсынылды деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Халықтың таңданысын тудырған кітап Қазақстанның ұлттық кітапханасында "Ерекше кітаптар мен қолжазбалар" көрмесінің бөлігі ретінде қойылды.

Кітап 1532 жылы ғалымның өз терісін пайдалануға рұқсат бергенінен кейін қапталған.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Осыған ұқсас кітаптар XVII ғасырда көп таралған екен. Адамдар өз терісін оқу құралын қаптауға пайдаланған. Әсіресе медициналық басылымдар осындай әдіспен тысталыпты.

Кітаптарды қаптау үшін бар өмірін ғылымға арнаған зерттеушілер немесе өлім жазасына кесілген жандар терісі алынған.

Айта кету керек, адам терісінен жасалған ерекше басылымды Англия, Франция, АҚШ пен Франция кітапханаларынан кездестіруге болады.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1714417-adam-terisinen-zasalgan-kitap-astanalyktardy-tagaldyrdy/

pixel