RU

Арабиялық ханзада бостандыққа шығу үшін бар байлығын тәрк етті

Екі айға қамауға алынған Сауд Арабиясының ханзадасы Әл-Валид ибн Талал Аль Сауд тергеуден соң бостандыққа шықты деп хабарлайды wek.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қамаудағы уақытын арнайы күзетпен бесжұлдызды «Ritz Carlton» қонақүйінде өткізген 350 шендіге қатысты үкім шыққан. Оларды жемқорлық және мемлекет қаржысына қол сұқты деген айыппен ұстаған болатын.

Айта кетейік, өткен жылдың қарашасында жемқорлықпен күрес коммитетінің шешімімен Сауд Арабиясы мемлекетінде 40 хан тұқымына және министрлер мен бизнесмендерге, жалпы 350 адамды қамауға алуға шешім шыққан болатын.

Қамалған ханзадалардың ең қалтасы қалыңы - Әл-Валид ибн Талал Аль Сауд. Оның байлығының қоры – 16,8 млрд долларды құрайды.

Олар билік өкілдерімен арнайы келісімге келгеннен кейін ғана бостандыққа қол жеткізген. Яғни, өз байлықтарының тең жартысын мемлекетке өткізеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1714441-arabialyk-hanzada-bostandykka-sygu-sin-bar-bajlygyn-trk-etti.html