RU

Астаналық арумен төсектес болған түрік азаматының басы бәлеге қалды

Астаналық бойжеткен түрік азаматымен өз еркімен төсектес болып, кейін оны зорлады деп айыптаған деп хабардайды Newtimes.kz агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ порталы.

Астаналық арумен төсек қатынасына түскен түркиялық азамат абақтыдан бір-ақ шықты
Астаналық арумен төсек қатынасына түскен түркиялық азамат абақтыдан бір-ақ шықты: UGC

Оқиға биылғы жылдың 3 қаңтарында орын алған. Кара Озан Кадир есімді түрік азаматы өзінің Facebook парақшасында мынадай жазба қалдырған.

«Мен Түркия елінің азаматы Кара Озан Кадир Астана қаласындағы тергеу изоляторларының бірінде қамауда отырмын. 2018 жылдың 3 қаңтарында Facebook желісінде мен қазақ бойжеткенімен таныстым. Сол күні түнгі сағат он бір жарымдарда, ару өзінің құрбысы бар екенін, сонымен бірге біздің пәтерге келетінін мәлімдеді. Осылайша, қыздар біздің үйге келді. Олармен жақынырақ танысып, суретке түсіп, көңіл көтеріп отырдық.
Сосын, қыздар төсек қатынасына қарсы емес екендіктерін білдіріп, біз досымыз екеуміз қыздарды алып, жеке-жеке бөлмелерге тарап кеттік. Бәрі аяқталған соң, қыздар әрқайсымыздан 30 мың теңге төлеуімізді талап ете бастады. Егер аталған соманы төлемесек, тіпті, полицияға «бізді зорлады» деп айыптайтындарын айтты. Біз әрине, оларды зорламағанымызды, төсек қатынасы ерікті түрде өздері келіскендіктерін айтып, оларға түсіндірумен болдық.
Қыздар біздің сөзімізге құлақ аспаған соң, үйдегі тағы бір жолдасымыз оларды үйден қуып шықты. Бұл шамамен таңғы сағат 4-тің уақыты еді», - деп оқиғаны баяндаған шетел азаматы.

Сонымен бірге түрік жігіті арада біраз уақыт өткен соң полиция қызметкерлерінің пәтерге келіп, қыздардың олардың үстінен "зорлады" деп арыз жазғандарын хабарлаған.

«Тергеуші біздің көзімізше, қыздардың медициналық тексеруден өту қажеттігі туралы мәлімдеді, бірақ, бойжеткендер оған үзілді-кесілді қарсы болды. Сөйтіп, өз арыздарын қайтарып алып, бізді сол күннің кешінде босатқан еді. Десе де, 2018 жылдың 5 қаңтарында мен тағы да қамауға алындым.
Ертесінде, яғни, 6 қаңтарда әлгі бойжеткендер, досыма қоңырау шалып, одан әрқайсысына 300 АҚШ доллар көлемінде ақша беріңдер деп бопсалаған. Досым мені аяғандықтан, ол ақшаны да берген. Кездесу уақытында, қыздар Ерлан деген полиция қызметкерімен қайта-қайта сөйлесе берген. Олар оны сондағы «крышасы» деп түсіндірген. Ал 7 қаңтарда мен соттың нақты шешімімен қамауға алындым»,-деп түрік азаматы оқиғаны егжей-тегжейлі баяндап берген.

Алаяқ арулар айыпталушыдан қомақты қаржы талап етсе де, арыздарын қайтып алудан бас тартқан. Нәзік жандылар бұл әрекетін, «полициядан қорқып отырмыз, олар арызды қайтарып алуымызды мақұлдамай отыр» деп түсіндірген.

Шетел азаматы, сонымен бірге, арулардың түрік тілін жетік меңгергенін де алға тартқан.

«Қыздар түрік тілін жетік меңгерген, сондықтан Түркия азаматтарымен әдейі осылай танысуы мүмкін. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатқанымен, іс бір жақты қаралып отырғаны айдан анық. Себебі, қыздарға зорлық жасалмағаны, олардан бізден ақша талап еткендері туралы аудио жазба сияқты барлық дәлелдер қолда бар, бірақ, тергеушілер оны көзге ілетін емес.
Мен ешқашан заң бұзған емеспін, қыздармен таныстықтың соңы осындай жағдайға әкеп соқтырады деп мүлде ойлаған емеспін», - деп сөзін қорытындылаған шетел азаматы.

Астана қаласының ІІД аталған оқиғаға қатысты Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201 бабына сәйкес, «сотқа дейінгі тергеу амалдарын жариялай алмаймыз» деп жауап берген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1714451-astanalyk-arumen-tsektes-bolgan-trik-azamatyny-basy-blege-kaldy.html