Выйти
RU

Жезөкшелер үйіне келушілерді қуып шықпақшы болған әйел ажал құшты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Өзбекстанның Наманган облыстық ауруханасында 52 жастағы Тургуной Олтинова 30 қаңтарда ауыр соққы салдарынан қайтыс болды деп хабарлайды centralasian.org-қа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: 4vsar.ru

Көрнекі фото: 4vsar.ru

Бір апта бұрын ол түн ішінде маза бермеген жезөкшелер үйіне келушілерді қуып шықпақшы болғаны үшін соққыға жығылған.

Құқыққорғау органдарының ақпаратына қарағанда, әйелге қол көтергендер қамауға алынды. Тергеу жүріп жатыр.

Олтинованың көршісі Озодлик радиосына болған оқиғаны баяндап берді.

"Біздің тұрғын үйде жезөкшелер үйі бар. Тургун апаны 23 қаңтарда түнгі сағат 22:45-те осында келгендер соққыға жыққан. Мен апаны ұрып жатқанын өз көзіммен көрдім. Тургун апа милиция шақыратынын айтып, айқайлады. Біз аулаға шыққан уақытта олар қашып кетті. Біреуі бетін тұмшалап алыпты. Тургун апа еденде қансырап жатыр екен. Біз оны ауруханаға жеткіздік", - деді ол.

Наманган ішкі істер департаменті қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Жезөкшелер үйіне келушілерді қуып шықпақшы болған әйел ажал құшты