Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бойжеткен қыздарын өзге үйге қонуға жіберетін ата-аналарға жанайқайын айтты

Опубликовано:

Өзінің бастан өткен оқиғасымен бөліскен ару, мүмкіндігі келгенінше қыздарын ер адамы бар өзге үйге қондырмауға кеңес берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Зорлық-зомбылық. Фото: Интернет
Зорлық-зомбылық. Фото: Интернет: UGC

Оның айтуынша, үйдің жалғыз қызы болғандықтан, ол демалыс уақыттарында жиі лагерьлерге, ауылға ата-әжесіне баратын болған.

Ол: «тағы бір демалысымда ата-анамның өте жақын достарының үйіне қонаққа бардық. Олардың үш баласы болатын. Екі қызы және менен бес жас үлкен ұлы. Барлығы маған «Бұл сенің үлкен ағаң. Біреу тиіссе осыған айт»,-дейтін. Ал, бұл оқиға орын алған уақытта менің жасым 14-те еді»,- деп әңгімесін бастады.

Біз ол үйге барған түні, мен Кәмиләмен (сол үйдің кіші қызы) бір бөлмеде ұйықтап жаттым. Ал түн ортасы ауғанда біреудің денеме жабысқан қолдары мен ыстық демін сездім де, оянып кеттім. Бірақ бөлме қараңғы болғандықтан, ештеңе көре алмады. Ол: «Бұл мен, Диас, менің бөлмеме жүр, жалғыз өзіме қорқынышты»,-деді де қолымнан жұлқып ала жөнелді. Өзге үйде айқайлауға ұялған мен үндемедім. Оның үстіне үлкен ағам ғой. Ол бөлмесіне жетіп, есікті іштен құлыптады да, теледидардың дауысын қатты шығарып қойды. Содан соң, мені қинап, зорламақ болды. Ал, мен шамамның келгенінше итеріп, тырналап жатырмын.

Осы кезде есік қатты тоқылдады. Ол менің үстімнен түсті де, есікті ашты. Арғы жақта Кәмилә екен.

Кәмилә мені алып кетті де, жұбатты. Бірақ, сол түні көз іле алмадым. Есіктен Диас (сол үйдің ұлы) кіріп келетіндей көрінді де тұрды.

Таңертең оянғанда ол үйде болмай шықты. Бұл оқиғаны тек Кәмила ғана біледі. Егер әкеме айтқанымда, ол оны майып қылар еді. Міне, осыдан соң мен өзге үйге түнеген емеспін», - деп сөзін аяқтады бойжеткен.

Зорлық-зомбылық. Фото: Интернет
Зорлық-зомбылық. Фото: Интернет: UGC

Айта кетейік, соңғы жылдары елімізде кәмелет жасына толмағандарды зорлау ісі белең алып барады. Биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап, педофилдерді кастрациялау заңы енгізілген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1714545-bojzetken-kyzdaryn-zge-jge-konuga-ziberetin-ata-analarga-zanajkajyn-ajtty/

pixel