Выйти
RU

Тұрмысқа шыққысы келмеген сүйіктісін студент жігіт атып өлтірді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Пәкістанда студент қызға ғашық болып қалған жігіт оны қарамағаны үшін атып өлтірді. Қылмыскер елге танымал саясат қайреткерінің жиені болып шықты. Бұл туралы Saama tv арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Фото: Saama tv

Фото: Saama tv

Медицина факультетінің студенті Асама Рани каникул кезінде Кохатудағы өз үйіне келген. Сол бойда бойжеткенге елдегі танымал саясат қайраткерінің жиені Муджахидуллах Африд келіпті. Аруға ессіз ғашық болып қалған жігіт оған үйленуге ұсыныс жасайды. Алайда Асама оны қаламайтынын айтқан.

Фото: Saama tv

Фото: Saama tv

Мұндай жауапты күтпеген жігіт ызаға булығып, ертеңіне қызды аңдуға шыққан. Ағасымен бірге оның артынан қалмай, көшеде атып кетеді. Асама алған жарақаттарының салдарынан ауруханаға жетіп қайтыс болды. Алайда ол өлерінің алдында өзіне кім қастандық жасағанын айтып кетіпті.

Фото: Saama tv

Фото: Saama tv

Марқұмның отбасы ұсыныс жасаған жігіттің отбасылы екенін айтуда. Сондай-ақ ол жасаған қылмысынан кейін елден қашып кетіпті.

Оқиға әлемге тарап, халық арасында даулы пікір тудырған соң Пәкістан билігі істен еш нәтиже шығара алмай отырған құқық қорғау органдарын қатаң сынға алды.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Тұрмысқа шыққысы келмеген сүйіктісін студент жігіт атып өлтірді