Выйти
RU

Алимент төлемей жүре берген атыраулық тұрғын жүргізуші куәлігінен айырылып қалды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Атырау облысында алиментке қарыз азамат жүргізуші куәлігінен айырылды деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: novostipmr.com

Көрнекі фото: novostipmr.com

Индер аудандық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше ер азаматтың алиментке 1 млн 334 мың теңге көлемінде берешегі бар. Ол сот шешімі бар екендігіне қарамастан қарызын өтемей жүрген.

Сондай-ақ, берешек азаматтың жеке көлігі бар екені де анықталды.

Сот орындаушысы соттан алиментке қарыз азаматтың берешегін толық өтемейінше, жүргізуші куәлігінің күшін жоюды сұрады.

Сот оның ұсынысын қанағаттандырды.

Енді борышкер азаматтың қарызын толық өтемейінше, көлік жүргізе алмайды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алимент төлемей жүре берген атыраулық тұрғын жүргізуші куәлігінен айырылып қалды