Выйти
RU

Қытай әлде Мексика: Шетелдіктер Қазақстан туын тани алмай әлек болды (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Danny Y деген никпен тіркелген блогер өзінің YouTube каналында шетелдік азаматтардың Қазақстан туын қаншалықты танитынын тексеріп көрді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Фото: youtube.com

Фото: youtube.com

Ұлыбританияның көшелерін кезген блогер ондағы адамадарға Қазақстанның көк туын көрсетіп, "бұл қай елдің туы?" деп сұрайды. Алайда сұраққа ешкім дұрыс жауап бере алмады.

Айтылған жауаптардың ішінде Мексика, Польша, Түркия және басқа да елдер болды. Ал әскерилер тобы тіпті, БҰҰ туы болуы мүмкін деді.

Көшедегі жолаушылардан дұрыс жауап ала алмаған азамат университеттің ішіне кіріп, туды студенттерге көрсете бастайды. Ал мұнда тек бір ғана қыз Қазақстанның туын танып, біздің ел жайлы білетінін айтты.

Айта кету керек, берілген жауаптардың ішінде ең көп айтылған ел Қытай болды.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қытай әлде Мексика: Шетелдіктер Қазақстан туын тани алмай әлек болды (видео)