Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызымен бірге Алматыға келіп, жоғалып кеткен өзбекстандық келіншектің туыстары жанайқайын жеткізді (фото)

Опубликовано:

2014 жылы Алматыға келгеннен соң хабарсыз кеткен өзбекстандық Мұсақұлова Жұлдыз есімді келіншектің туыстары оны жанұшыра іздеп, таба алмай жатыр. 4 жылдан бері не өлі, не тірі екенін біле алмай отырған келіншектің тусытары оның жанында бес жасар қызы бар екенін айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Алматыға келіп, жоғалып кеткен өзбекстандық әйелдің қызы елге жанайқайын жеткізді (видео)
Мұсақұлова Жұлдызай: UGC

Жұлдызға Алматыдағы туыстары арқылы іздеу салған әпкесі Тұрсынайдың сөзіне сенсек, келіншек бір қызын алып Қазақстанға нәпақасын табу мақсатында кеткен. Жалғызбасты әйел анасына өзінің бой жетіп қалған қызын тастап кеткен. Кіші қызының есімі Кәусар болса, жиырма жастағы үлкен қызының есімі Сурайя екен.

"Өзбекстан Республикасы тумасы, сол кезде жұмыс істеу мақсатында кеткен, қасында Аман деген кісі болған, содан бастап ешқандай хабар жоқ. Ол кісі 2014 жылы Қапшағай санатроиясында экспедитор болып жұмыс істеген. 2 баласы бар, кішкентай қызын өзімен бірге алып кеткен. Қазір Өзбекстанда үлкен қызы күтіп отыр, кіші қызы - 5 жаста, - деді Тұрсынай.
Алматыға келіп, жоғалып кеткен өзбекстандық әйелдің қызы елге жанайқайын жеткізді (видео)
Мұсақұлова Жұлдыз: UGC

Ал бүгінде анасын төрт жыл бойы көрмеген Сурайя болса, көз жасын еш тыяр емес. Бимен айналысатын бойжеткен анам жеткен жетістіктерімді көрсе екен деп армандайды. Қызын күте-күте көзі талып, өзегі өртенген Жұлдыздың анасы да бұдан екі жыл бұрын құсадан қайтыс болған екен.

"Анамыздың қайтқанына да келмеді. Бәлкім, білмейтін шығар. Не тірі, не өлі екенін көз жеткізгіміз келеді. Ана жанындағы қызы Кәусардың амандығын білсек екен дейміз. Қатты уайымдап отырмыз , - деді келіншектің әпкесі.

Айта кету керек, Мұсақұлова Жұлдыз 1974 жылы Өзбекстан Республикасында туған, ұлты - қазақ. Туыстары егер Жұлдызды көрген-білгендер болса, + 7 707 293 93 26 нөміріне хабарласуды сұрайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1714569-kyzymen-birge-almatyga-kelip-zogalyp-ketken-zbekstandyk-kelinsekti-tuystary-zanajkajyn-zetkizdi-foto/

pixel