Выйти
RU

Астанада жемқорлықпен күрес қызметінің куәлігін алып жүрген азамат мас күйінде ұсталды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

NUR.KZ оқырманы редакцияның WhatsApp нөміріне 8747 535 12 98 сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік қызметкерінің куәлігін ұстаған адамның мас күйінде тұтқындалған бейнежазбасын жіберді.

Астанада

Астанада

"2018 жылдың 30 қаңтарында бұл адам мас күйінде заңбұзушылыққа жол берді. Ол өзін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өкілі ретінде таныстырды", - дейді видеодағы тәртіп сақшысы.

Полиция қызметкері қамауға алынған адамға оның тәртіп бұзғанын бақылау камералары арқылы дәлелдейтінін және рапорт жазатынын түсіндірді.

Ұсталған адам өзінің жеке куәлігін қайтаруды сұрады, бірақ полиция қызметкерлері ер адамға қарсылық танытпастан полицияның қызметтік көлігіне отыруын және ішкілікті анықтау үшін өздерімен бірге жүруді талап етті.

Бұл жөнінде Астана қаласының ІІД-не ақпараттық сұрау жіберілді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Астанада жемқорлықпен күрес қызметінің куәлігін алып жүрген азамат мас күйінде ұсталды