Выйти
RU

Құдайдың құдіреті: Сегізінші қабаттан құлаған азамат ажалдан аман қалды (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

35 жастағы Нью-Йорк тұрғыны Рэнди Фотисэйн айкезбе ауруына шалдығып, ұйқылы-ояу күйде сегізінші қабаттан секіріп кеткен. Азамат құдайдың құдіретімен ажалдан аман қалды деп хабарлайды Metro сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: metro.co.uk

Фото: metro.co.uk

Рэнди сегізінші қабаттағы өз пәтерінде ұйықтап жатқан жерінен тұрып, терезеден секіріп кетеді. Алты қабатты ұшып өткен соң, оны құрылыс орнындағы жабулар тежеп қалады. Нәтижесінде азамат құрылыс сатыларының үстіне құлады.

Фото: metro.co.uk

Фото: metro.co.uk

Оны ағаштардың арасынан шығару үшін өрт сөндіру көліктерін пайдаланған. Құтқару қызметі Рэндиді дереу ауруханаға жеткізеді. Онда дәрігерлер азаматтың арқасы, қабырғасы зақымданғанын және аяғы сынғанын анықтады.

Фото: metro.co.uk

Фото: metro.co.uk

Рендидің анасы баласының бұрыннан бері айкезбе ауруына шалдыққанын айтады. Оның жақындары дертпен күресу үшін қандай шара қолданарын білмей, келесі жолы бұдан да қауіпті жағдай орын алады ма деп қорқады.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Құдайдың құдіреті: Сегізінші қабаттан құлаған азамат ажалдан аман қалды (фото)