Выйти
RU

Луина азаматтық некедегі продюсерімен айырылысып кетті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Соңғы уақытта сахнадан көрінбей кеткен әншілердің бірі Луина өзінің сүйіктісі әрі продюсері Жомарт Сүлейменовпен байланысын үзген деп хабарлайды «НТК» арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Луина продюсерімен. Фото: Интернет

Луина продюсерімен. Фото: Интернет

Жеті жылдан астам уақыт бірге тұрған жұптың ажырап кеткендеріне де біраз уақыт болған . Енді хит әндерді тыңдармандарына ұсынуды қойған әнші, өз ісін қайта қолға алмақшы.

Бірақ бұл жолы продюсері Жомартпен емес. Ол Ресейдің шоу-бизнесіне біржола кеткісі келетінін мәлімдеді.

Әнші алдағы уақытта жаңа директоры Асылан Тілеубаевпен жұмыс істейді.

«Қазір Ресей елімен нақты келісімшарттар жасалмаса да, ұсыныстар бойынша қарастырып жатырмыз. Оның үстіне жақында үш әнімді таспаға жаздырамын», - деді Луина.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Луина азаматтық некедегі продюсерімен айырылысып кетті