Выйти
RU

Атышулы режиссер кино түсіріп жүрген әншілерді сынап тастады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

«Әнші де, әзілкеш те бүгінгі қазақ киносының болашағына балта шауып жатыр» - дейді Ермек Тұрсынов. Өнер жолындағы кәсібімен қатар, кинонарыққа қол созған әншілерді атышулы режиссер сынап тастады деп хабарлайды НТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ермек Тұрсынов. Фото: Интернет желісінен

Ермек Тұрсынов. Фото: Интернет желісінен

«Тек жалқау ғана кино түсірмейтін болды бізде. Бәрі киноға ауып кетті. Бұл кино емес, бұл жай ғана мазақ. Мұны америкалықтар «интертэймент» дейді. Біреулерге ермек, біреулер «оңай ақша» деп пайданы қуалап жүреді. Көрерменнің надандығын біле отырып, қалталарын ақтарып отырады. Бұл өте қауіпті нәрсе. Мәдениетімізді төмендетіп, санамызды бұзады»,-дейді Тұрсынов.

Ол, талантты актерлар мен кәсіби режиссерлардың нанына ортақтасқан өзге өнер өкілдерінің тірлігін түсіне алар емес.

«Мен мәселен сахнаға шығып өлең айтпаймын ғой. Немесе кино түсірсем кадрға кіріп, менің әртістік қабілетім жоқ. Мен оны білемін, сеземін де өзім кадрға кірмеймін. Бұл маған бөтен нәрсе. Әншілер қорықпайды. Қалай қорықпайды? Мен соған таңғаламын.

Адам өз-өзіне объективті, шынайы көзбен қарау керек. Кино түсірместен бұрын: «Мен кино түсіре аламын ба, кино түсіргенде ақиқат іздеп, соны елге таратып айта аламын ба, ондай хақым бар ма?» деген сұрақтарды өзіне қоя алса бізде апта сайын кино шықпайтын еді»,-дейді режиссер.

Еске салсақ, Ермек Тұрсынов "Келін" фильмі арқылы қалың көпшілікке кеңінен танылған.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Атышулы режиссер кино түсіріп жүрген әншілерді сынап тастады