Выйти
RU

Заңды белшесінен басқан ауыл әкімі 400 мыңнан аса айыппұл төлеп құтылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

ШҚО Жарма ауданы Белтерек ауылының әкімі Данияр Дүйсембаев ауылдағы әкімдік ғимаратына мемлекеттік туды ілуды ұмыт қалдырып, 453 800 теңге көлемінде айыппұл төлеп құтылды деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Заңды белшесінен басқан ауыл әкімі 400 мың теңгеден астам айыппұл төлеп құтылды

Заңды белшесінен басқан ауыл әкімі 400 мың теңгеден астам айыппұл төлеп құтылды

NUR.KZ порталына бұған дейін әкімдік ғимаратының тоз-тозы шығып, мемлекеттік туы ілінбеген Белтерек ауылдық округіне қатысты мақала жариялаған еді.

Ауыл әкімі Данияр Дүйсембаев осы оқиғадан соң сөгіспен құтылды.

Ведомство өкілдері, «мемлекеттік ту мәселесіне бей-жай қарамаған ауыл тұрғындарына алғыс білдіріп, мәселені облыстық ішкі істер департаментіне» жолдаған еді.

Осыған орай, NUR.KZ порталы ШҚО ІІД-не аталмыш оқиғаға қатысты ресми жауап алу мақсатында сұраным жөнелтті.

Нәтижесінде, «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің» 458 бабының екінші тармағына сәйкес, ауыл әкімі Дүйсембаев Даниярдың 453 800 теңге мөлшеріндегі айыппұл төлегені белгілі болды. Бұл жауапты құзырлы органның мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының басшысы Бақытжан Торғаев та растады.

«Белтерек ауылының әкімі Данияр Дүйсембаев Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 458 бабының 2-бөліміне сәйкес, әкімшілік жауапкершілікке тартылды, азамат 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейді»,-деді ведомство өкілі.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Заңды белшесінен басқан ауыл әкімі 400 мыңнан аса айыппұл төлеп құтылды