Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талай қыздың жүрегін жаулаған боксшы Айжан Байзақовамен көзге түсті (фото)

Опубликовано:

Нью-Йоркте тұратын және сол қалада полиция қызметкері болып жұмыс істейтін шымкенттік кәсіпқой боксшы Димаш Ниязов Айжан Байзақовамен арадағы байланыстары туралы айтты деп хабарлайды sn.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Димаш Ниязов пен Айжан Байзақова. Фото: sn.kz
Димаш Ниязов пен Айжан Байзақова. Фото: sn.kz: UGC

Боксшы Алматыға соңғы келгенінде Байзақовамен кездесіпті. Айтуынша, көпшілік оны бекерге сөгіп жүр. Айжан Америкада болғанда оған деген көзқарас басқаша болушы еді.

«Айжан өте түсінігі мол қыз. Егер ол Америкада болғанда оған бәрі басқаша қарайтын еді. Әрине жақсы қырынан қабылдайтын еді оны. Не дегенмен, Қазақстан мен Американың менталитеті екі басқа ғой. Сонда да адамдар бір-бірін сыйлау керек сияқты», – деп ол кездесулерінің жақсы өткенін, әрі Айжанмен бірден тіл табыса кеткенін айтып, елді оған жақсы пікір қалыптастыруға шақырды.

Еске салсақ, Айжан Байзақованы жұрт Алматыдағы түнгі клубтардың бірінде 50 мың теңгеге қыз шешіндіргені үшін қатаң сынға алған. Аталған оқиғадан кейін блогер қамауға алынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1714614-talaj-kyzdy-zregin-zaulagan-bokssy-ajzan-bajzakovamen-kzge-tsti-foto/

pixel