Выйти
RU

ОҚО-ның "оригинальный" әкімін көрген ауыл келіншегі қуанышын жасырмады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

ОҚО, Сайрам ауданының әкімі Бақтияр Мамаевтың халық алдындағы есеп беру жиынына облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың өзі қатысты. Кездесуге келген тұрғындардың бірі аймақ басшысының "оригинал" түрін көріп, қуанып қалғанын айтты деп хабарлайды RgMedia порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

ОҚО-ның "оригинальный" әкімін көрген ауыл келіншегі қуанышын жасырмады

ОҚО-ның "оригинальный" әкімін көрген ауыл келіншегі қуанышын жасырмады

Бақтияр Мамаев жыл бойы ауданда атқарылған оңды істер жөнінде баяндаған.

Сұрақ-жауап бөліміне келгенде бір аудан тұрғыны облыс әкіміне сұрағын жазбаша түрде жолдады. Хатты қабылдап алған Жансейіт Қансейітұлы оны көпшілікке оқып берді.

Хатта аудан тұрғыны Бақтияр Мамаевтың баяндамасына орай жасалған слайдтағы қаптаған цифрлардан, аудан экономикасы жөніндегі кестелерден түк түсінбегенін айтып шағымданды.

Облыс әкімі бұл шағым орынды екенін айтып, аудан әкімдігіне халықпен етене жұмыс істеу керектігін айтты.

Жиында әкімге сұрақ қоюға шыққан сайрамдық әйел «оригинальный» облыс әкімін көргеніне қуанғанын жасыра алмай, оған алғысын білдірді. Себебі, бұған дейін облыс әкімін ол тек теледидардан көріп жүріпті.

Ол аудандағы газ саласына қатысты мәселені көтерді. Оның айтуынша, газға тұрғындардан шамадан тыс көп ақы алады екен.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
ОҚО-ның "оригинальный" әкімін көрген ауыл келіншегі қуанышын жасырмады