Выйти
RU

Науқас анасы үшін 166 млн теңге жымқырған алматылық бухгалтер сотталып кетті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы қаласы, Алмалы ауданының соты өзі бухгалтер болып жұмыс жасаған компания есебінен 166 млн. теңге ұрлаған азаматшаның үстінен қылмыстық іс қозғады. Сот үкімі күшіне енді деп хабарлайды Алматы қалалық сотының баспасөз орталығына сілтеме жасаған NUR.KZ

Науқас анасы үшін 166 млн теңге жымқырған алматылық бухгалтер сотталып кетті

Науқас анасы үшін 166 млн теңге жымқырған алматылық бухгалтер сотталып кетті

К. Есімді сотталушы «Eurasian Foods Corporation» АҚ-да бухгалтер болып жұмыс істеген.

2015 жылға арналған бюджетке төлеуге тиіс корпоративтік табыс салығы сомасын жасанды түрде көбейтіп, жалған құжат жасаған ол 91 094 472 соманың орнына 257 397 508 теңге бөлінді деп жазып жіберіпті.

Осылайша, 166 млн теңге артылып қалған. Айыпталушы әйел салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерге деп 166 миллион теңгені өзінің картасына аударып алады.

Сот барысында К. өзінің кінәсін толық мойындап, анасын емдету үшін ұрлық жасағанын түсіндірді.

Сот айыпталушыны «Өзіне сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін талан-таражға салу немесе ұрлау» бабы бойынша кінәлі деп тауып, мүлкін тәркілеумен бірге 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Және осы жылдар аралығында сотталушыға есеп беру қызметімен айналысуға тыйым салды.

Алайда, Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, рақымшылыққа ілінген К.-ның мерзімі 3,5 жылға қысқарып, сот орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеуге шешім шығарды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Науқас анасы үшін 166 млн теңге жымқырған алматылық бухгалтер сотталып кетті