Выйти
RU

Динара Сәтжан өзін қоқан-лоққы көрсетті деп айыптаған дизайнерді сотқа бермекші

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Динара Сәтжан өзін айыптаған дизайнерді сотқа беретінін айтты. Айтуынша, Аяжан Жақсыбай желідегі парақшасында жала жауып, жалған сөйлеген деп хабарлайды Today.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Динара Сәтжан, Фариза Сұлтан. Коллаж: NUR.KZ

Динара Сәтжан, Фариза Сұлтан. Коллаж: NUR.KZ

"Фариза Сұлтанның алғашқы коллекциясын мен жеке өз басым қаржыландырғанмын. Ол менің шоу-румымнан "Monaco Fashion night" көрсетіліміне келмегендіктен кетуге мәжбүр болды. Мен мұндай нәрселерді қабылдай алмаймын. Өкпелі жандармен айтар әңгімем жоқ. Бірақ маған қоқан-лоққы көрсетті деп айып таққан кезде бұл мәселені сот арқылы шешуге мәжбүрмін. Менің қорғаушым мұнымен айналысып жатыр", - деді дизайнер.

Еске салсақ, елімізге енді ғана танылып келе жатқан жас дизайнер Динара Сәтжанды қоқан-лоққы көрсетті деп айыптаған еді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Динара Сәтжан өзін қоқан-лоққы көрсетті деп айыптаған дизайнерді сотқа бермекші