Выйти
RU

Оралда әйелі тастап кеткен азамат бес баласымен далада қалуы мүмкін

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Орал қаласының тұрғыны Ринат Рахметов бес баласын жалғыз өзі жалдамалы пәтерде асырап жүр. Ол кез-келген уақытта кішкентайларымен далада қалудан қорқады деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Рахметов бұрынғы жұбайымен сегіз жыл бір шаңырақ астында тұрыпты. Осы уақыт аралығында отбасында үш бала дүниеге келеді. Көп ұзамай әйелі мұндай өмірден жалығып, балаларын тастап, бөлек кеткен. Қазір тіпті олардың жағдайын да сұрамайды екен.

Бірнеше жыл жалғыздықта өмір сүрген азамат екінші рет үйленуге бел буған. Бұл жары Ринатқа екі сәби туып беріпті. Ең кішкентайы қазір бір жаста.

Ринаттың екінші алған әйелі де өзі сияқты жұмыссыз екен. Ал азамат жақын маңдағы полиция бекетінің еденін жуып, әскери қызметкерлердің бергенімен күн көріп жүр. 20 жастағы тұңғыш ұлы мемлекеттік грантпен Астанада оқиды. Алайда әлі күнге әкесіне қарап қол жайып жүрген көрінеді.

Рахметовтер отбасы қазір Ринаттың бұрынғы жұмыс орны берген жатақханада уақытша тұрып жатыр. Көпбалалы әке кез-келген уақытта бұл баспанадан да айырылып қаламын ба деп қорқады.

"Әрине, бізге өмір сүру қиын болып жатыр. Жұмыс жоқ. Пәтер алмақ түгілі, нанға ақшаны әзер тауып жүрміз. Бізге көмек беріп тұратын адамдарға рахмет. Күннен-күнге жалғанып күн кешудеміз. Біраз уақыттан бері коммуналдық қызмет ақысын төлей алмай қалдық. Қарызымыз миллионға жетіп қалған шығар. Жатақханадан кез-келген уақытта шығарып жіберуі мүмкін", - дейді Ринат Рахметов.

Жомарт жандардан бөлек бұл отбасыға ювеналды полиция қызметкерлері мен жергілікті полиция өкілдері де қарасып тұрады екен.

"Ринат Рахметов полиция бөлімшесінде есепте тұрмайды. Спирттік ішімдік ішпейді. Оған көмектесіп тұрамыз. Балалары білім алатын мектеп басшылығы да барынша қарасып жатады. Олар кеңсе заттары мен мектеп киімдерін алып береді", - дейді полиция қызметкері Жанна Умарова.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Оралда әйелі тастап кеткен азамат бес баласымен далада қалуы мүмкін