Выйти
RU

Түрмедегі көңілдесіне үйінен ақша тасыған келіншек ұсталып қалды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бакуде 30 қаңтар күні 7-ші Бинагадин ауданының полиция бөліміне пәтерлердің бірінде ұрлық болғаны туралы ақпарат келіп түскен деп хабарлайды Oxu.Az-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Түрмедегі көңілдесіне үйінен ақша тасыған келіншек полицейлерге ұсталып қалды

Түрмедегі көңілдесіне үйінен ақша тасыған келіншек полицейлерге ұсталып қалды

Әзірбайжан мемлекетінің Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, полиция қызметкерлері 2017 жылдың 16 қарашасынан 2018 жылдың 27 қаңтарына дейін пәтердегі сейфтен 57 700 АҚШ долларының ұрланғанын анықтады.

Тергеу барысында үй иесінің әйелі басты күдікті ретінде танылған.

Сондай-ақ, жедел іс-шаралар нәтижесінде полицейлер күдікті келіншектің ұрланған ақшаны түрмеде отырған 1988 жылғы Рамиль Мурадов есімді көңілдесіне бергенін анықтады.

Аталған қылмысқа қатысты Бинагадин аудандық полиция бөлімінде қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Түрмедегі көңілдесіне үйінен ақша тасыған келіншек ұсталып қалды