Выйти
RU

Мас күйінде көлік жүргізген өскемендік қыз аялдаманы қиратып кеткен

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Өскеменде мас күйінде көлік тізгіндеген қыз аялдаманы қиратып кеткен. Жол-көлік оқиғасы кешкі уақытта Бажов пен Промышленная көшесінің қиылысынан болды деп хабарлайды Altaynews.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Тойота маркалы жеңіл көлік автобус аялдамасына соғылған. Куәгерлердің айтуынша және алдын ала мәліметтер бойынша, көлік тізгініндегі әйел мас болыпты.

Абырой болғанда, кешкі мезгілде аялдамада автобус күткен жолаушылар болмағандықтан, зардап шегушілер туралы ақпарат жоқ.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері келіп жеткенімен, жедел ақпарат алу мүмкін болмады. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Мас күйінде көлік жүргізген өскемендік қыз аялдаманы қиратып кеткен