Выйти
RU

Ақпан айында қазақстандықтарды қарлы және боранды күндер күтіп тұр

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазгиромет синоптиктерінің болжамына сәйкес ақпан айы қарлы, Атлантика аудандары мен Каспийдің оңтүстігінен циклондардың жиі өтуіне байланысты елдің солтүстігінде 15-20 м/с дейін жел күшейіп, қар жауып, боран соғып, оңтүстігінде жауын-шашын, тұман және көктайғақ болады деп хабарлайды NUR.KZ.

Ақпан айында қазақстандықтарды қарлы және боранды күндер күтіп тұр

Ақпан айында қазақстандықтарды қарлы және боранды күндер күтіп тұр

Ай бойғы суық ауа массасының енуімен, екінші онкүндіктің басында және айдың соңында суытудың екі толқыны күтіледі.

Ауа температурасы: солтүстік жартысында түнде 25...35 аяз, күндіз 15...25 аяз; оңтүстік жартысында 10...20 аяз, күндіз 5...10 аязға дейін төмендейді.

Нәтижесінде ауаның орташа айлық температурасы Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарында нормадан 1°С жоғары, қалған аумақта – нормаға жуық болады деп күтілуде.

Жауын-шашынның айлық мөлшері Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында және Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл мен Алматы облыстарының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында нормаға жуық және одан көп, қалған аумақта – нормадан аз түседі деп болжанады.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ақпан айында қазақстандықтарды қарлы және боранды күндер күтіп тұр