Выйти
RU

Бауыржан Ибрагимов Төреғалидің елді шулатқан оқиғасына қатысты пікір білдірді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Елімізге әйгілі "Бауыржан шоу" театрының директоры Бауыржан Ибрагимов Төреғалидың жуырда елді шулатқан әрекетіне қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Бауыржан Ибрагимов, Төреғали Төреәлі. Коллаж: NUR.KZ

Бауыржан Ибрагимов, Төреғали Төреәлі. Коллаж: NUR.KZ

"Мұсылманның ең бір қадірлейтін жері мешіт болса, әртістің тазаланып шығатын жері сахна. Өйткені әртісті адам ететін де сахна, жоқ қылатын да сахна. Кеше ана Төреғалидың әрекеті жүр ғой. Адаммен кез-келген нәрсе болуы мүмкін. Жүз грамм ішіп шығуы мүмкін, басқа нәрсе болып қалуы мүмкін. Бірақ ешқашан көрерменмен ондай кикілжіңге баруға болмайды. Көп адамдар әртүрлі нәрсені айтып жатыр. Мен түсінемін, шайтан түртті, тағы бірдеңе болды. Бірақ сахнаның киесі жаман, ол бір ұрса оңдырмайды",-деді Бауыржан Ибрагимов.

Әртіс сахнаның құдіреттілігін мешітке теңеді. Айтуынша, Алла үйіне бара алмағандар сахнада құран оқыса қабыл болады-мыс.

"Сахнаның құдіреті сондай. Оған сондай құдірет пен құрметпен қарау керек. Әртістердің бәрі мешітке бара алмай жатса, кез-келген театрдың сахнасына басын қойып, құран оқыса да қабылданады. Өйткені сахна деген өте киелі жер. Кез-келген әртісті өсірген де, адам қылған да сол сахна",- деді сатирик.

Еске салсақ, Төреғали Төреәлі Павлодар сахнасында өзін сынға алған қарт кісіні залдан қуып шығып, халықтың үлкен сынына қалған.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Бауыржан Ибрагимов Төреғалидің елді шулатқан оқиғасына қатысты пікір білдірді