Выйти
RU

"Көмірге талас": Министрлік желіні шулатқан видеоға қатысты мәлімдеме жасады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстанның Энергетика министрлігі жиілеп кеткен қауесеттер, әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі жалған ақпаратқа байланысты мәлімдеме жасады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігі.

"Көмірге талас"

Ведомствоның баспасөз қызметінің ақпаратынша, елімізде халықты көмірмен қамтамасыз етуге қатысты жағдай тұрақты. Қазақстанның бірде-бір өңірінде қатты отынға тапшылық жоқ, ешқандай дүрлігу байқалмайды.

"Тұйықтардағы үлкен кезектер және жүк машиналарының көмірге таласып жатқаны түсірілген видеолар фейк және қазіргі кездегі жағдайға сәйкес келмейді. Энергетика министрлігі облыс әкімдіктерімен және "Қазақстан темір жолы" ҰК АҚ-мен бірлесіп өңірлерге көмірді жеткізуге тәулік сайынғы мониторинг жүргізуде, бұл мәселе тұрақты бақылауда", — делінген мәлімдемеде.

Баспасөзқызметінің ақпаратына сүйенсек, былтыр елімізде 106,7 миллион тонна көмір өндірілді, бұл 2016 жылғы көрсеткіштен 8,2 миллион тоннаға артық, экспортқа 29,3 миллион тонна көмір шығарылды. Қалған көмір ішкі қажеттілікке жұмсалды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Көмірге талас": Министрлік желіні шулатқан видеоға қатысты мәлімдеме жасады