Выйти
RU

Қазақ спортшысы Олимпиадада Қытайдың намысын қорғайтын болды (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қытайда туып өскен этникалық қазақ спортшысы Аршынғазы Шәкенұлы Пхенчхандағы қысқы Олимпиада ойындарына қатысады. Бұл туралы Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: Қазақпарат

Фото: Қазақпарат

Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінде туып өскен қазақ спортшы Оңтүстік Кореяда өтетін XXIII қысқы Олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алды.

Қытай ұлттық құрамасындағы 82 спортшы Пхенчханда қысқы спорттың 5 түрінен бақ сынайтын болады.

Фото: Қазақпарат

Фото: Қазақпарат

Шыңжаңда туып өскен ұлты қазақ спортшы Аршынғазы Шәкенұлы байрақты бәсекеде конькимен жүгіру спортынан 1500 метрлік сында өнер көрсететін болады.

Шыңжаң конькимен жүгіру құрамасының бас бапкерінің айтуынша, 23 жастағы қандасымыз құрама сапына 2010 жылы қосылып, бұл күнде Қытайдың ішкі біріншілігі бойынша құрылған рейтингіде бірінші орында тұр.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақ спортшысы Олимпиадада Қытайдың намысын қорғайтын болды (фото)