Выйти
RU

Путин спортшыларды қорғай алмағаны үшін кешірім сұрады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ресейлік спортшыларды Олимпиадаға шығарып салған Владимир Путин көпшіліктен кешірім сұрады. Бұл туралы ресейлік БАҚ-қа сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Владимир Путин. Фото: woman.ru

Владимир Путин. Фото: woman.ru

Естеріңізде болса, Халықаралық Олимпиада Комитеті Ресейді Олимпиададан шеттетіп, допинг қолданбаған спортшыларға нейтралды ту астында өнер көрсетуге рұқсат берген болатын.

"Қазіргі таңда спортшылардың жеңіске жетуі қаншалықты қиын екенін түсінемін. Егер спортшылар спортқа қатысы жоқ жағдайлармен кездессе, бұл екі есе қиын. Ал осыған орай елде орын алған түрлі пікірлер спортшылардың жеңіске жетуіне одан әрі кесірін тигізеді. Осындай жайттардан қорғай алмағанымыз үшін бізді кешіріңдер", - деді спортшылармен кездесуде сөз сөйлеген Путин.

Пхенчхандағы Олимпиада ойындарында нейтралды ту астында 169 ресейлік спортшы сынға түседі.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Путин спортшыларды қорғай алмағаны үшін кешірім сұрады