Выйти
RU

Үйін жылыта алмаған Астана тұрғыны балаларын жетімдер үйіне өткізіп жіберді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Астанада Иманов пен Брусиловский көшелерінің қиылысындағы көпқабатты тұрғынүйді салған компания ғимараттың жертөлесіндегі қабатты өздігімен пәтерлерге айналдырып жіберген. Алайда, құрылысшылар бұл пәтерлерге жылу қостыруды ұмытып кетіпті.

Көрнекі сурет: ТСН

Көрнекі сурет: ТСН

Соның салдарынан осында тұратын отбасы балаларын жауратып алмайын деп, оларды жетімдер үйіне өткізіп жіберді деп жазады elorda.info-ға сілтеме жасаған Sn.kz.

Мұндай жаңалықты Астанада өткен тұрғынүй құрылысы жөніндегі комиссияның ведомствоаралық жиынында комиссияның мүшесі Татьяна Чурсина мәлімдеді. Оның айтуынша, аталған үйдегі 19 пәтерде жылу жоқ.

«Осында тұратын әйел өзінің балаларын жетімдер үйіне өткізіп жіберген. Өйткені, бөлмелердегі суықты сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Ит байласа тұрмайды. Міне, жағдайлары осындай», - дейді Татьяна Чурсина.

Астана әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошунның айтуынша, аталған үйдің мердігері мен құрылысшы компаниясы былтыр әкімдікке келіп, заңсыз салынған пәтерлерді сатпауға уәде берген екен.

Жертөледен салынған пәтерлердің тұрғындары жылу былай тұрсын, әліге дейін өз меншіктерінің құжаттарын ала алмай жүр. Әкімдіктегілер болса аталған проблеманы шешу үшін арнайы жұмыс комиссиясын құруды ұсынды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Үйін жылыта алмаған Астана тұрғыны балаларын жетімдер үйіне өткізіп жіберді