RU

Қайрат Нұртас келіншегін басқалардың фильміне түсіруге тыйым салды

Қайрат Нұртас он жылдан бері жасырған жарын көпшілікке көрсеткелі бері оқырмандардың бірі қолдаса, бірі әншіні жазғырып жатты. «Арман/Когда ангелы спят» фильмі арқылы таныстырған жарына өзге режиссерлардан ұсыныс түссе әнші қандай әрекет қолданатыны айтып берді деп хабарлайды comode.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова. Фото: Интернет
Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова. Фото: Интернет: UGC

Жарымен бірге жиі гострольдік сапарларға баратын Қайрат Нұртас ешқашан «үйленбегенмін» демеген. Әншінің айтуынша, ол тек қана отбасының жасырын болғанын қалап, «жеке өмірім құпия» деп жауап қайтарған. Ал он жылдан соң кәсіби әртіс мамандығын оқыған жарына арнап, фильм шығаруды жөн деп ұйғарған.

«Өйткені, ол да кәсіби актриса. Бұл саланы оқыды. Он жыл менің отбасымның ұйытқысы болып, шырағымды сөндірмей отырды. Енді оның да өнерін шыңдайтын уақыт келген сияқты»,-дейді әнші.
Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова. Фото: Интернет
Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова. Фото: Интернет: UGC

Ал алдағы уақытта жарына өзге режиссерлер фильмге ұсыныс түссе рұқсатын беретінін немесе керісінше екенін білмейтінін де мәлімдеді.

« «Әйелін қызғанбаған еркек жәннатқа кірмейді» деген сөз бар. Мен шынымды айтсам, басқа режиссерлердің туындысына түсуге рұқсат беремін бе, бермеймін бе білмеймін. Сүйген жарым, отбасымның шырағы болғандықтан қызғанамын. Бәлкім, өзім түсіретін фильмдерге ғана түсуге рұқсат беретін шығармын. Мүмкін, Жұлдызға арнап арнайы сценарий жазып, кино түсіретін шығармыз»,- деп жауап қатты Қайрат Нұртас.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1714768-kajrat-nrtas-kelinsegin-baskalardy-filmine-tsiruge-tyjym-saldy.html