Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордалық ақын өзінің әнін ұрлап алған Төреғалиге өкпесін айтты

Опубликовано:

Төреғали Төреәлінің басы тағы да дауға қалды. Қызылордалық ақын Әл-Фараби Бекарысұлы әншіні әнімді ұрлады деп айтыптауда. Ақын бұл жайында «Замана» газетіне берген сұхбатында айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: nur.kz
Фото: nur.kz: UGC

Төреғали Төреәлінің орындауындағы «Найзағай болып» әнінің өлеңін қызылордалық Әл-Фараби Бекарысұлы мен жазғанмын дейді. Бірақ оны Төреғали мен оның айналасындағы дос-жарандары өзгертіп жіберген көрінеді.

«Бұл әннің әу бастағы сөздері менікі еді. Ал Аян Сейітов деген жігіт Төреғалидың айтуымен өзгеше етіп сөз жазған. Бірақ ең негізгі бөлігі – «Найзағай болып» деген жерін алып қалған. Менің нұсқамдағы өлеңнің аты – «Найзағай көңіл». Ал Төреғалидың орындауында «Найзағай болып» деп таралып кетті. Оның әнін менің жан досым әрі группаласым Үкітай Ерниязов шығарған»,- дейді автор.
Қызылордалық ақын. Фото: Интернет
Қызылордалық ақын. Фото: Интернет: UGC

Ал әннің шығу тарихы жайлы автор «Үйленіп, балалы-шағалы болған шақта бір қызға ғашық болдым. Қаршадай ғана қыз-тұғын, әсемдік салонына енді ғана шаштараз болып жұмысқа орналасқан екен. Әлгі қызды көру үшін апта сайын шаш қысқартушы едім. Тіпті ол шашымның пішінін бүлдіріп тастаса да қайтпайтынмын. Бір күні әлгі қыз түсіме кіріпті. Түсімде оған арнап дауыстап өлең оқып жатыр екенмін. Шошып ояндым. Содан дереу өлеңнің шумақтарын қағаз бетіне түсіре бастадым»,- дейді.

«Найзағай көңіл» әні 2014 жылы дүниеге келіпті. Бастапқыда Төреғали туындымызды жарыққа шығаратын болды деп қуанып жүргенбіз. Сөйтсек ол әннің сөзін бір күнде өзгертіп, бізге ескертпей ел ішіне таратып жіберіпті. Дұрыстап уәж де айтпады. Кейін өзімен сөйлескенде, сөзін өзгертемін деп уәде берген. Кейін кездесіп қалсақ, танымағандай өтіп кетеді», - деп ренішін жеткізді ән авторы.

Найзағай көңіл

1. Сезімнің қуат, күшіне ердім,

Өмірдің сынақ, ісіне көндім.

Аңсаумен талай, шаршаулы едім,

Ақыры сені түсімде көрдім.

Қайырмасы:

Жүруші ем сені айнала торып,

Алды-артымды да болжамай толық.

Қашанғы бұлттай жабырқай берем,

Жарқ етейінші найзағай болып!

2. Жанайқайымдай жаңғырған әнім,

Бойымда барда алғыр талабым.

Бұғаулы қолмен бұзып шығармын,

Шойын қақпалы тағдыр қамалын.

3. Аққуы болсаң шалқар көлімнің,

Өзіңе үлкен артар сенімім.

Жанартау жүрек жарыла жаздап,

Дариядай тасыр дархан көңілім.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1714786-kyzylordalyk-akyn-zini-nin-rlap-algan-tregalige-kpesin-ajtty/

pixel