RU
"Қырғызстан аруы" атанған бойжеткен не үшін дінге бет бұрғанын ашық айтты (фото)
Жаңалықтар Әлемде

"Қырғызстан аруы" атанған бойжеткен не үшін дінге бет бұрғанын ашық айтты (фото)

Рассказать Вконтакте

«KG Internet аруы – 2012», «Қырғызстан аруы – 2014» атанған танымал модель Айкөл Әлікжанова Instagram желісінде оқырмандарын «орамал тағу» күнімен құттықтады деп хабарлайды NUR.KZ.

Дінге бет бұрған Қырғызстанның ең көрікті қызы

Дінге бет бұрған Қырғызстанның ең көрікті қызы

«Қымбатты қыздар! Бүгін орамал тағу күні! Сондықтан да бүгін мен сіздермен өзімнің хиджаб туралы ойыммен бөліспекпін. Бұрын тұрмыс құрғаннан кейін бес жылдан соң ғана жабық киінемін және намазды да сол уақытта бастаймын деп ойлайтынмын.
Дегенмен Аллаға шүкір, «жабық киіну туралы» түсінік менде ертерек қалыптасты. Мен тіпті бүгін кешке не болатынына кепілдік жоқ екенін түсіндім. Ешкім ештеңеден сақтандырылмаған. Мыңдаған әпкелеріміз хиджаб киместен бақилық болуда. Неліктен сіздер солардың бірі болғыларыңыз келеді?
"Қырғызстан аруы" атанған бойжеткен не үшін дінге бет бұрғанын ашық айтты (фото)

"Қырғызстан аруы" атанған бойжеткен не үшін дінге бет бұрғанын ашық айтты (фото)

Әйелдер қауымы үшін біздің орамалымыз бауырларымызды бүліктен қорғайтын көрінбейтін тәж сияқты болуы керек. Әйелдердің сұлулығы қаншама ессіз әрекеттерге жетелейді. Соның салдарынан көптеген кісі өлтіру, қызғаныш, жек көрушілік тіпті соғыстар орын алды», - деген ару оқырмандарына ой салғысы келгенін айтады.

Естеріңізде болса, 2016 жылдан бері хиджаб киіп, қоғамда үлкен дау тудырған «Қырғызстан аруы – 2014» Айкөл Әлікжанова туралы бұған дейін де жазған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз
2
6
6
1
2
67
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel