RU

Еліктегенді жақсы көретін қыздар әп-сәтте адам танымастай өзгеруде (видео)

Дәл қазір «Karma is a bitch» флешмобының дәурені жүріп тұр. Қытай елінен келген жаңа видеоәзіл түрі қазақстандық арулар арасында сәнге айналды деп хабарлайды NUR.KZ.

Скриншот: Instagram
Скриншот: Instagram: UGC
Бұл видеоролик барысында аруларымыз мүлде макияжсыз бейнесін көрсетіп, «Karma is a bitch» сөзін қайталайды. Олар солай әп-сәтте сұлуға айналып шыға келеді.

Әдемі келбет пен жинақы шаш кез-келген қыздың сұлулығын арттыра түседі. Осы екі аралықта сұлулар беттерін алақандарымен немесе орамалмен жауып, видео әсерін одан сайын күшейте түседі.

Ал видеороликті көрген ер-азаматтар таңданысын жасыра алар емес. «Бұлар екі түрлі қыздар, «Бұл жалған», «Бұл алдау», «түнде аруға ғашық болып, таңертең бақамен ояну деген осы» секілді пікірлерін жаудыруда.

Айта кетейік, бұл флешмоб Қытай елінен келген. Желіде жарияланған видеороликті жаппай жалғастыруда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1714847-eliktegendi-zaksy-kretin-kyzdar-p-stte-adam-tanymastaj-zgerude-video.html