Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарым-қатынастың бұзылуына әкеліп соқтыратын қандай сөздер?

Опубликовано:

Бүгінгі ажырасу мәселесі әлем бойынша маңызды болып отыр. Желідегі танысу сайттары адамдардың тез қосылып, айырылысуларына себеп болып отыр. Ажырасуды бастан өткеру - психологиялық мықты болуды қажет етеді. Дегенмен, оның алдын алған жөн. Ол үшін ғалымдар қарым – қатынастың бұзылуына әкеліп соқтыратын бес түрлі себепті атап берді.

Көрнекі фото: hochu.ua
Көрнекі фото: hochu.ua: UGC

Жиі алғыс білдірмеу

Қарым-қатынас барысындар адамдар бір бірінен төсекте, психологиялық немес материалдық тұрғыдан қолдау қалайды. Дегенмен, көп жағдайларда сүйіктіңізге алғыс білдіруді ұмытпаған дұрыс. Екі жұптың арасында гармония орнай алмауының себебін ғалымдар осында деп отыр.

Сын айту, қорлау

Ұрыс-керіс барысында өзін ұстай алмау, жұбының намысына тиетін ауыр сөздер айту көптеген жұптарда кездеседі. Келіспеушілік барысында тек қана бір жақты кінәлап, қысым көрсетуге болмайды. Себебі, сүйіктіңдің көңілі қалуы немесе жүрегіне дақ болып сақталуы мүмкін.

Сезімді жасыру

Өз сезімдеріңізді іште жасырып, құпия сақтаған дұрыс емес, «керісінше сырыңызды бүкпей, ашық айтуға тырысқан жөн», - дейді ғалымдар. Кез келген реніш пен келіспеушілікті асықпай отырып, ақылдасып шешкен тиімді.

Қарым-қатынастағы тоқырау

Адам да өсімдік сияқты ылғи да өсіп, дамып отыруды керек қылады. Көптеген жұптарда ортақ мақсаттар болады, дегенмен жеке тұлға ретінде ізденіс пен дамуды тоқтатпағаныңыз абзал. Себебі, адамдардың бір бірін танып білгеннен кейін, сүйіктісіне деген қызығушылығының азая бастайтыны жиі кездеседі.

Шындықпен бетпе-бет келу

Мұндай жағдай көпшілігінде қарым-қатынастың алғашқы айларында жиі кездеседі. Адамдар алдымен сезімге ерік беріп, жұбының шын мәнінде қандай адам екеніне көз жеткізбейді. Нәтижесінде, оның мүлде басқа адам екенін көріп, тіпті бұрын көрмеген кемшіліктерін байқап, өкініп жатады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1714903-karym-katynasty-bzyluyna-kelip-soktyratyn-kandaj-szder/

pixel