RU

12 жасар қыз жазасын 40 жыл өтейтін болды

Американың Висконсин штатында 12 жасар Морган Гейзер мен Анниса Вейер сыныптастары Пэйтон Летнерді ойдан шығарылған интернет кейіпкер арқылы өлтірмек болған деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Морган Гейзер. Фото: life.ru
Морган Гейзер. Фото: life.ru: UGC

Ата-анасының қуанышына орай, Пэйтон Лэтнер тірі қалды. Ал қылмыс жасамақ болған екі қызды сот ересектер секілді жазаға кескен. Вейерді жындыханаға 25 жылға қамауға шешім қабылдаса, Морган Гейзер 40 жыл өмірін аурухана бөлмесінде өткізеді.

Айта кетейік, бұл үш қыз бала күнінде ажырамас құрбылар болған. Кейінірек, Вейер мен Морган бөлектене бастайды. Мұның себебі, 12 жасар екі қыз интернет арқылы балалар психологиясын басқаратын адам өлтіруші персонаж Слендермен танысқан.

Ал қанды оқиға Аниссаның туған күнінде орын алған. Үш жасөспірім ойнап келуге орманға кетіп қалады. Сол жерде Морган Аниссаға Пэйтонға пышақ сұғайық деген ұсыныс айтыпты. Алайда құрбысы оған келіспегенен кейін Пэйтонға өзі барып, «Өте өкінішті»,- деп құлағына сыбырлайды да, оны аяусыз пышақтап тастайды. Сөйтіп Анисса екеуі оқиға орнынан қашып кеткен. Ал жарақаттанған қыз жолға еңбектеп әзер жеткен. Абырой болғанда оны велосипедші көріп қалып, дер кезінде көмек шақырыпты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1714934-12-zasar-kyz-zazasyn-40-zyl-tejtin-boldy.html