RU

Баян Меруерт екеуінің арасындағы даудың біреулер үшін қажет болғанын айтты

Баян Алагөзова «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» телесериалына қатысты Меруерт Түсіпбаеваның айтқан сынын біреудің тапсырысы деді. Gakku.Fm радиосының «Если честно» бағдарламасына келген продюсер аталған сериал үшін еш ұялмайтынын айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Баян мен Меруерт. Коллаж: NUR.KZ
Баян мен Меруерт. Коллаж: NUR.KZ: UGC

Бағдарлама жүргізушісі Түсіпбаева мен Алагөзованың желі арқылы бір-біріне ашық пікір білдіргендерін, бірақ кейіннен Меруерттің Instagram парақшасында жазбасын бірінші болып өшіріп тастағанын еске салды.

"Бұл біредің тапсырысы болғаны айдан анық. Мен ол сериал үшін еш ұялмаймын. Бұл жұмысыммен мақтанамын. Аталған мәселенің маған қатысы жоқ, мен ортада қыстырылып қалған адаммын. Ақылды адам ретінде мен мұны сөзсіз білдім»,- деді Алагөзова.

Еске салсақ, әнші Баяннан телесериалға жұмсалған қаржыны қайтаруды талап еткен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1714967-baan-meruert-ekeuini-arasyndagy-daudy-bireuler-sin-kazet-bolganyn-ajtty.html