RU
Жантүршігерлік жол апатында екі аяғы жұлынған бойжеткен қалай өмір сүруде? (видео)

Жантүршігерлік жол апатында екі аяғы жұлынған бойжеткен қалай өмір сүруде? (видео)

Рассказать Вконтакте

Алматыда жантүршігерлік апат салдарынан қос бірдей аяғынан айырылған Екатерина Парафиева бүгінде денсаулығы үшін күресті жалғастыруда. Ол Instagram парақшасында спорттық жаттығуы кезіндегі видеосымен бөлісті деп хабарлайды NUR.KZ.

Екатерина Парафиева. Фото: Интернет желісінен

Екатерина Парафиева. Фото: Интернет желісінен

"Бүгін сіздерге жаттығуымның бір бөлігін көрсеткім келеді. Әрине, жаттығуларды жасау оңай емес, өйткені көптеген кешендерде аяққа арналған тірек жоқ, бірақ әйтеуір бір амалын қылып жатырмыз, байлаймыз, бекітіп қоямыз немесе жаттықтырушы өз қолымен салмақ береді. Ол еңбектері үшін ерекше алғысымды айтамын", — деді ол.

"Жаттығудың өзі мен үшін шағын жеңіс» деген Парафиева емханадағы күндерін еске алды.

"Емханада жатқан кезімді еске алсам, Кира: «қолыңды тым құрыса 10 рет жоғары көтерші» дейтін еді. Ағзамның әлсіреп қалғаны соншалық, қарапайым жаттығулардың өзі қиынға соғатын еді. Қазір оқиға болғалы жарты жыл өтті, күн сайынғы жаттығулардың нәтижесін көрудемін. Бұның өзі мен үшін үлкен жеңіс",- деді Парафиева.

Еске салсақ, өткен жылдың маусым айында Алматы қаласындағы әл-Фараби даңғылында жантүршігерлік апат салдарынан Екатерина екі аяғынан айырылған болатын. Аталған іске қатысты тергеу амаларды әлі күнге дейін жүріп жатыр.

Сіздің реакцияңыз
1
5
11
7
3
40
13
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel