Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда ұшты-күйлі жоғалып кеткен 15 жасар қыз іздестірілуде (фото,видео)

Опубликовано:

Алматы қаласы Талғар ауданы, Еламан ауылының 15 жастағы тұрғыны қаңтардың 19 күні үйден шығып, қайта оралмаған. Анасының сөзінше, қызына мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қоқан-лоққы көрсеткен деп хабарлайды NUR.KZ.

Алматыда ұшты-күйлі жоғалып кеткен 15 жасар қыз іздестірілуде. Фото: Жеке мұрағаттан
Алматыда ұшты-күйлі жоғалып кеткен 15 жасар қыз іздестірілуде. Фото: Жеке мұрағаттан: UGC

"Қызым, Сакыбелова Айдана Сұраншықызы 28.11.2002 жылы дүниеге келген. Қызым Талғар ауданы, Еламан ауылындағы № 41 мектепте орын алған дау-жанжалдан кейін жоғалып кетті. Ол 19-шы қаңтар түскі сағат 15:30 дар шамасында үйіміздің маңындағы дүкенге шығып, қайта оралмады. Қызымның үстінде қара көк қыстық күртеше, қара қыстық бас киім мен қара угги аяқ киімі болды. Бұтында сұр түсті, сары сызықшалары бар спортты шалбар. Қызымның есте сақтау қабілеті нашар",- дейді жоғалған қыздың анасы Гауһар.

Гауһар Сакыбелова Талғар аудандық ІІБ-не арыз түсірген. Бірақ тергеушілерден екі аптадан бері еш хабар болмаған.

Қыздың анасы Айдананы көрген-білгендер болса, мына нөмірге хабарласуды сұрайды: 8-707-500-70-95

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1715008-almatyda-sty-kjli-zogalyp-ketken-15-zasar-kyz-izdestirilude-fotovideo/

pixel