RU

Яхта, тікұшақ, элиталық көліктер: Отандық кәсіпкердің аста-төк өмірі елге жария болды (фото)

Желіде Қарағанды шоколад фабрикасының иесі Ескендір Ерімбетовтің жеке өмірінен фотолар мен видеолар пайда болды. Кәсіпкердің аста-төк өмірі туралы "Евразия" арнасында айтылды.

Яхта, тікұшақ, элиталық көліктер: Отандық кәсіпкердің аста-төк өмірі елге жария болды
Яхта, тікұшақ, элиталық көліктер: Отандық кәсіпкердің аста-төк өмірі елге жария болды: UGC

Кадрлардан Ерімбетовтың салтанатты өмір сүруді жақсы көргенін көруге болады. Журналистердің айтуынша, оның иелігінде яхталар, вертолеттер, таудағы зәулім сарайлар мен элиталық көліктері болған.

Тергеушілердің айтуынша, бизнесмен Мұхтар Әбілязов БТА-Банктен жымқырған қаражаттың арқасында аста-төк өмір сүрген.

Еске салсақ, Ескендір Ерімбетов пен оның үш әріптесі Алматыда былтырғы жылдың қараша айында ұсталған болатын. Қазіргі таңда тергеу шаралары жалғасуда.

Ерімбетов және үш әріптесіне ақша жымқырған және 50 миллоннан доллардан астам қаражатты заңдастырып алды деген айып тағылып отыр. Бұл қаражатты бұған дейін Мұхтар Әбілязов жымқырған делінген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1715041-ahta-tiksak-elitalyk-klikter-otandyk-ksipkerdi-asta-tk-miri-elge-zaria-boldy-foto.html