Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атышулы Байзақова орыс жігіттеріне деген ерекше ықыласы туралы айтты

Опубликовано:

Атышулы Айжан Байзақова Telegram желісіне ешкімге айтпаған сырын айтып, өзі туралы ақпаратпен бөлісті деп хабарлайды NUR.KZ.

Атышулы Байзақова: Орыс жігіттері менің әлсіз тұсым
Атышулы Байзақова: Орыс жігіттері менің әлсіз тұсым: UGC

Байзақованың айтуынша, ол адамдардың есімін тез ұмытып қалады. Сондықтан, олардың жай ғана бейәдеп сөздермен атайды екен. Ол тіпті достарының есімін де ұмытып қалатынын айтқан.

"Мен кісі есімдерін тез ұмытып қаламын. Тіпті көптеген досымның есімін ұмытып қалып, оларды жай ғана бей әдеп сөздермен атауым мүмкін. Алайда менің адамның түр-әлпетін есте сақтау қабілетім өте жақсы. Бір көрген адамымды бес жылдан соң көрсем, мәселен, оның есімін білмесем де, амандаса беремін", - деді ол.

Сонымен бірге ол өзінің алғашқы махаббаты туралы да айтты.

"Менің ең алғаш бірінші сыныпта өзімнің сыныптасымды ұнататынмын. Оның есімі Костя еді. Иә, орыс жігіттері менің әлісіз тұсым", - деп мойындады ол.

Бұдан бөлек ол анасының ақша үнемдеуді және ақша жинауды үйреткенін айтты.

"Анам бала кезімнен ақша жинауды үйреткен. Сондықтан бұл менің дертім десем болады. Түскен табысымның 50 пайызын жинап, еш уақытта тиіспеймін. Тіптен аштан өліп бара жатсам да, оларды жұмсамаймын", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1715045-atysuly-bajzakova-orys-zigitterine-degen-erekse-ykylasy-turaly-ajtty/

pixel