RU
Қарақат Әбілдина атышулы "Қалаулым" бағдарламасын жақтап шықты

Қарақат Әбілдина атышулы "Қалаулым" бағдарламасын жақтап шықты

Рассказать Вконтакте

Қарақат Әбілдина еліміздегі атышулы "Қалаулым" бағдарламасына қонақ болып барғаннан кейін, өзін қатаң сынаған желі қолданушыларына жауап берді. Әнші желідегі парақшасында аталған бағдарламаға қатысты халықтың не себепті теріс пікір айтып жүргенін түсінбейтінін жеткізді.

"Қалаулым" бағдарламасының жұлдызды қонақтары. Фото: Instagram

"Қалаулым" бағдарламасының жұлдызды қонақтары. Фото: Instagram

"Қалаулымға" Қыдырәлі екеумізді ән айтып, сұхбат берсеңіз деп шақырған соң қатыстық. Ұшақтың кешігіп ұшуына байланысты мен өзім ортасынан қосылдым. Өз басым ешқандай өрескелдік байқаған жоқпын. Халықтың неге осыншама теріс пікірде екенін түсіне алмадым. Қысқасы бір отырып, қарау керек екен",- деп жазды ол өзін сынаған оқырманына.

Әншінің пікірін оқыған желі қолданушылары бұл бағдарламаға әншінің екінші рет бармауын өтінді. Айтуларынша, "Қалаулымның" ешқандай тәрбиелік мәні жоқ.

Еске салсақ, жуырда ғана жұлдызды жұп "Қалаулым" бағдарламасының қонағы болып қайтты.

Сіздің реакцияңыз
36
4
6
2
3
8
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel