Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызының тұрмысқа шығатынын естіген азамат бүкіл отбасын қырып салды

Опубликовано:

Пәкістанда ер адам қызының тұрмысқа шығуына рұқсат берген өзінің бүкіл отбасын ажал құштырды. Себебі болашақ күйеу бала оған ұнамаған деп хабарлайды oxu.az порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қайғылы оқиға Пенджаб провинциясындағы Атток қаласында болған. Полицейлердің сөзінше, 26 жастағы жігіт қызға құда түсіп келген.

Алайда жас жігіт Асиф Шахтың көңілінен шықпапты.

Дегенмен отбасының өзге мүшелері қыздың таңдауын қолдап, оның күйеуге шығуына рұқсаттарын беріпті. Бұған көндіге алмаған отағасы бірінші әйелін кейін екі қызын атып, 15 жастағы ұлын ауыр жаралаған.

Бұл қылмыстан кейін Асиф Шах оқиға орынан жасырынып қалған. Қазір оны полиция іздестіруде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1715155-kyzyny-trmyska-sygatynyn-estigen-azamat-bkil-otbasyn-kyryp-saldy/

pixel