RU

БАҚ: Атырауда алпыстан асқан әйел жас жігітке тұрмысқа шықты (видео)

Атырауда 65 жастағы әйелдің 35-тегі азаматқа тұрмысқа шығып жатқан сәтінен видео тарап кетті деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: women.ru
Фото: women.ru: UGC

Әлеуметтік желіде жарияланған видео көпшіліктің қызу талқысына түсті. Видеороликте басына ақ орамал тағып, шаңыраққа кірген келінді бәрі шашу шашып күтіп алуда.

Сондай-ақ, "келіншекті" күтушілер «Қадамдарың құтты болсын», «Үйге қош келдіңдер» деп, жас жұбайларға ақ тілектерін жаудыруда.

Айта кетейік, видеоны тамашалаған оқырмандар бұл оқиғаны "ұлтсыздану мен тексізденудің айқын дәлеліне" балады. Ал екіншілері адамның жеке өміріне қол сұғу дұрыс емес екенін айтуда.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1715209-bak-atyrauda-alpystan-askan-jel-zas-zigitke-trmyska-sykty-video.html