Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал әнші Бауыржан Байбекпен бір мектепте оқығанына мақтанды (фото)

Опубликовано:

Карина Абдуллина желідегі парақшасында Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбекпен бір мектепте оқығанын айтты. Сондай-ақ әнші оқушы күндерін еске алып, шаһар басшысымен түскен суретін жариялады деп хабарлайды NUR.KZ.

Бауыржан Байбек, Карина Абдуллина. Фото: Instagram
Бауыржан Байбек, Карина Абдуллина. Фото: Instagram: UGC
"Бір кездері біз дарынды балаларға арналған Күләш Байсейітова атындағы мектепте бірге оқығанбыз. Автобус арқылы бар қаланы аралап жүретінбіз. Үйге кеш батқанда қайтатынбыз, себебі біздің мектеп музыкалы және жалпы білім беретін оқу орны еді",- деді бала күндерін еске алған Абдуллина.

Сондай-ақ ол бүгінгі жетістіктері сол кездегі еңбектерінің арқасы екенін жеткізді.

"Мектеп кезінде біз барынша тырысып, өз армандарымызға қарай жүрдік.
Бүгінде Бауыржан Байбек – Алматы қаласының әкімі, мен – танымал әншімін. Мұнымен айтайын дегенім – «Шыдамдылық пен еңбек – бәрін жеңбек! Бауыржан Байбекпен кездесуімізге қуаныштымын және шын жүрегіммен сүйікті қаламыздың әкіміне сәттілік тілеймін!",- деді әнші.

Айта кететіні, Карина Абдуллина бүгінде әншіліктен бөлек, карта ашумен айналысады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1715219-tanymal-nsi-bauyrzan-bajbekpen-bir-mektepte-okyganyna-maktandy-foto/

pixel