RU

"Ұл күтеміз": Сәкен Майғазиев айдай сұлу жарының тағы да жүкті екенін айтты

"МузАрт" тобының мүшесі, танымал әнші Сәкен Майғазиевтің жары Динара Асылханқызының төртінші перзентке аяғы ауыр деп хабарлайды "Хит-тв" арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

«Алла бұйыртып , батылдық танытып, бағдарламаны пайдаланып Сәкен ағамыздың үйіндегі Динара жеңгеміздің 4-ші перзентке аяғы ауыр екенін бірінші боп халықтан сүйінші сұрау мәртебесі маған бұйырғанына өте қуаныштымын»,- деп жазды Нұржан Аташ парақшасында.

Сондай-ақ, жүргізуші бағдарлама аясында сәбидің иткөйлегін Сәкен Майғазиевке өз қолымен тарту етті.

Көк түсті киімді "ұл болсын" деп ырымдап берген Нұржанға Сәкен Майғазиев «Онда ұлды да күтеміз. Алтын шыққан жерді белден қаз деп, Алла нәсіп етсе, ұлға да жеткізе берсін»,- деп жауап берді.

Осы жауапты естіген оқырмандар Майғазиевтің төртінші перзенті қыз бала деп болжады.

Айта кетейік, әншінің Әділет, Райана, Мәриям есімді үш перзенті бар. Олардың кенже қызы Мәриям 2016 жылы дүниеге келген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1715254-l-ktemiz-sken-majgaziev-ajdaj-slu-zaryny-tagy-da-zkti-ekenin-ajtty.html